Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ пациенттері дәрігерлерге алғыс айтты
Елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтеді. Бұл күні өз тағдырын ең қиын, ең құрметті, ең қажетті кәсіппен байланыстырған жандарға алғыс білдірудің маңызы зор. Дәрігердің адам өміріне араша түсу - бұл күнделікті қажырлы да, өте жауапты еңбек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.