КІАҒЗИ халықаралық стандарттарға сәйкестігі растап, JCI аккредитациясынан өтті

КІАҒЗИ халықаралық стандарттарға сәйкестігі растап, JCI аккредитациясынан өтті
 
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ JCI (Joint Commission International) медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі Халықаралық біріккен комиссия бағалауынан өтті. Бұл туралы ҒЗИ баспасөз қызметі хабарлады.

Институт алғаш рет 2021 жылы осындай аудиттен өткен, алайда көрсетілетін көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтау үшін JCI аккредиттеуі заманауи халықаралық стандарттарға тұрақты сәйкестігін қамтамасыз ету үшін үш жыл сайын өткізіледі.

JCI халықаралық аккредиттеу - бұл медициналық көмектің жоғары сапасының стандарты, медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін объективті тану.