Коронавирустық инфекцияның карантині кезіндегі созылмалы обструктивтік өкпе ауруы бар науқастарға арналған ұсыныстар



Коронавирустық инфекцияның карантині кезіндегі созылмалы обструктивтік өкпе ауруы бар науқастарға арналған ұсыныстар





Кардиология және ішкі аурулар  ҒЗИ-ның Жоғары білім  алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, м.ғ.д., профессор Сәуле Касенова созылмалы обструктивтік өкпе ауруы (COӨА) ұзақ жылдар бойы темекі тартып жүрген немесе жұмыс орнында, тұрғылықты жерінде ластанған ауаны жұтуға мәжбүр болған егде адамдарда жиірек пайда болады дейді. Ауру кезінде ентігу, қақырықпен жөтел пайда болады және ол спирометриялық тексеру нәтижесінде расталады.