Квота: жүрекке күрделі операция тегін жасалады

Квота: жүрекке күрделі операция тегін жасалады

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/densaulyk/item/691752-kvota-zh-rekke-k-rdeli-operatsiya-tegin-zhasalady

 Елде жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққандар саны азаймай тұр, деп хабарлайды 24KZ.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жылына жүрекке 3 мыңнан астам операция жасалады. Соның 250-ге жуығы қайта синхрондау немесе «бивентрикулярлық» құрылғыны имплантациялау деп аталады. Яғни жүрек ырғағын дұрыстау үшін жасалады.
 
Бұл жолы Оңалбек қария ауруханаға операция жасатуға емес, кезекті емін алуға келді. Ол бұған дейін 9 отаны бастан өткерген.
«Жүрегімді 25 жылдан бері емдетіп келемін. 2 рет инфаркт алдым. Биыл жасым 83-ке аяқ басты. Аман жүргенім – осы дәрігерлердің арқасы», – дейді. Соңғы операцияны өткен жылы қазан айында жасатқан. Оңалбек Мақашев, Алматы облысының тұрғыны: - «Трехкамерный», канадалық аппарат қойды, 2019 жыл қайтадан демала алмай қалғаннан кейін «амерканский» қойды. 2023 жылы қазанда. Мынау үшінші аппарат тұр менде. Тағы да «американский» осы үш аппаратты қойды. Қазір емделіп жатырмын, аппаратым әйбат істеп тұр.
 
Дәрігерлердің айтуынша, Оңалбек Мақашев сияқты егде жастағы науқастарға жоғары технологиялық операциялар сәтті жүргізіліп жатыр. Жыл сайын тек қана қайта синхрондау немесе «бивентрикулярлық» құрылғыны имплантациялау бойынша 250 жуық ота жасалады. Бұл күрделі және өте қымбат операция. Дегенмен науқастар үшін тегін. Ол жергілікті анестезиямен жасалып, шамамен 2-3 сағатқа созылады. Ал жас мөлшеріне шектеу жоқ.
 
Бағдат Ахыт, кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бөлім меңгерушісі: - Жасалатын заманауи ем-шаралар түрлері – мини инвазивті емдеріміз. Олар жоғары деңгейдегі емдеу түріне жатады, біріншіден. Екіншіден, ол ақылы түрде екінің бірі науқастардың шамасы келе бермейді. Сондықтан оған мемлекет квота бөледі. Өйткені ол құрылғылар 8,5 млн теңгеден жоғары тұратын екінің бірінің шамасы келе бермейді. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігі бұзылған жағдайда дәрілік препараттар көмектеспейді. Науқастың тынысы тарылып, демалуы қиындайды. Дер кезінде жәрдем берілмесе, соңы өлім-жітімге әкелуі мүмкін.
 
Бағдат Ахыт, кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бөлім меңгерушісі: - «ГИС шоғырының толық бөгелуі» деп айтылады қазақша және жүрек ырғағы бұзылысы кезінде «жүрек ЖБР аритмиясы» дейді. Дәріге көнбеген кезде максималды түрде науқастар өзінің дәрілерін толық ішкеніне қарамастан жүректің соғуы өте жиі болып кетеді кейбір науқастарда. Олардың жағдайы жедел түрде 1-2 айдың ішінде, тіпті 1-2 аптаның ішінде нашарлап кететін кездері болады. Өйткені жиі соққаннан кейін жүрек әлсіреп қалады. Мұндай кезде жүректің жіті өлімі қаупі жоғарылайды. Сол науқастарға жасаймыз. Операциядан соң адамның өмір сүру сапасы жақсарды. Бұрынғыдай медициналық көмекке көп жүгінбейді. Орташа өмір сүру ұзақтығы денсаулығына, жасына және өмір салтына байланысты шамамен 8 жылдан 20 жылға дейін ұзарады.
 
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев.