Пульмонолог дәрігер кеңесі: коронавирустан қалай қорғануға болады
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Жоғары білім алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Қасенова COVID-19-дан болатын өлім санының дүниежүзілік статистикасы осы аурудан қайтыс болғандардың арасында артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті секілді ілеспелі аурулары бар егде жастағы адамдардың жиі болатындығын дәлелдеді дегенді алға тартады.