Ревматоидты артриттің симптомдары, себептері мен емі туралы



Ревматоидты артриттің симптомдары, себептері мен емі туралы





Ревматоидты артрит – бұл буындардың қабынуын тудыратын және жасына, өмір сүру салты мен жай-күйіне қарамастан, кез келген адамның шалдығуы мүмкін созылмалы аутоиммунды ауру. Полиартритпен көбіне орта жастағы (36-45 жас) әйелдер ауырады. Адам  50, 70 және 80 жаста да ауыруы мүмкін. Ревматоидты артритпен балалар да (бір жастан 3 жасқа дейін) ауырады, бірақ ересектерге қарағанда жеңіл түрінде.