https://aqshamnews.kz/kz/article/shamadan-tys-tamaqtanu-jurektin-jumysyn-qiyndatady.html
Адамның тамақтануы мен аурулары арасындағы тікелей байланыс ғылыми түрде дәлелденген. Жүрек-қан тамырлары аурулары әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да, өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып табылады.
Жүрек – ағзадағы үздіксіз жұмыс істейтін және қанды айдай отырып, бүкіл денені қоректік заттар мен оттегімен қамтамасыз ететін жалғыз бұлшықет. Адамның ұзақ өмір сүруі мен жұмысқа қабілеттілігін барынша ұзақ сақтай алуы үшін жүрек-қан тамырлары жүйесінің түрлі ауруларын ерте анықтау маңызды. Сонымен қатар, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану әдеттері арқылы аурудың алдын алу қажет.