Шетелдік кардиологтар Алматыда шеберлік сағатын өткізді
Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Алматы, Талдықорған, Атырау, Тараз, Петропавл қалаларының интервенциялық кардиологтары, электрофизиологтары, аритмологтары, сондай-ақ, Өзбекстанның интервенциялық аритмологтары үшін клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология бойынша оқыту циклы өтті.