СОӨА дұрыс емдеу арқылы ауру ағымын тежеуге болады
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасы бойынша қарашаның екінші немесе үшінші аптасының сәрсенбісінде әлемнің 50-ден астам елдерінде «Созылмалы обструктивті өкпе ауруына қарсы дүниежүзілік күрес күні» (World Chronic Obstructive Pulmonary Disease Day, World COPD Day) аталып өтеді, бұл күннің мақсаты - созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) туралы халықты ақпараттандыру деңгейін көтеру, осы аурудың алдын алу және СОӨА пациенттерін емдеу әдісімен таныстыру болып табылады.