Созылмалы обструктивтік өкпе ауруы бар науқастарға арналған ұсыныстар әзірленді
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның Жоғары білім алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, м.ғ.д., профессор Сәуле Касенова созылмалы обструктивтік өкпе ауруы (COӨА) ұзақ жылдар бойы темекі тартып жүрген немесе жұмыс орнында, тұрғылықты жерінде ластанған ауаны жұтуға мәжбүр болған егде адамдарда жиірек пайда болатындығын ескертіп, осыған орай тиісті кеңестер әзірледі деп хабарлады Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметі.