https://qazaqstan.tv/news/199832/
Алматыда жетекші мамандар мен шетелдік сарапшылар созылмалы жүрек ауруларын емдеу тәсілдерін талқылады. Кардиологтар қазіргі таңда созылмалы жүрек ауруларының проблемасы өзекті екеніне тоқталды. Себебі соңғы уақытта науқастар көбейіп, өлім-жітім артқан. Мамандар инновациялық технологиялар дамып, имплантация құрылғылары пайда болғанын жеткізді. Соған қарамастан ауруды ерте сатысында анықтау, науқастардың тез емделуіне жағдай жасау және әлі де жаңа технологиялық құрылғыларды енгізу мәселелерін ортаға салды.
Қуан Нұрақын