https://almaty-akshamy.kz/vaktsina-milliondagan-adamnin-omirin-saktaydi
Жыл сайын әлемде сәуірдің соңында Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді. Елімізде 24-30 сәуір аралығында өтіп жатқан аталмыш апталықтың биылғы ұраны: «Бәріміз ұзақ өмір сүрейік!». Осы орайда мегаполистегі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас аллерголог-иммунологы Арай Батырбаева вакцинацияның аурулардың алдын алуда және өмірімізді қорғаудағы рөлі туралы айтып берді.