71 жастағы науқас әйел ұзақ уақыт бойы – 7 жылдан бері гемодиализде жүр. Ол қолқа қақпақшасының стенозы, митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, асқынулардың даму қаупі өте жоғары артериялық гипертензияның 3-сатысы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан және 2024 жылдың желтоқсанында инфарктқа ұшыраған. Оған биылғы қаңтарда стент қойылды, бірақ денсаулығы жақсармады, ентігуі басылмады. Оның жағдайын жеңілдету үшін дәрігерлер тәуекелге барып, оған ота жасау қажет деп шешті. Операция сәтті өтті.
Соңғы буынғы қолқа клапанын клиниканың интервенциялық кардиологтары Санкт-Петербург қаласы В.Алмазов атындағы ҰМЗО рентгенхирургиялық диагностика мен емдеудің әдістері бөлімшесінің меңгерушісі Дмитрий Зубаревпен бірге имплантациялады.