Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудағы басты проблемаларының біріне айналып отыр. Соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім жиілеп кеткен. Мамандардың пікірінше, көп жағдайда науқастар ауырсынуды басатын дәрілерді өз бетімен қабылдап жатады. Ал мұның арты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Алматыда қанша адам күрделі ота кезегінде тұр? Қалада өлім-жітім көрсеткіші қандай? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Кардиология және реабилитация бөлімшесінің меңгерушісі Іңкәр Жексенғазықызы жауап береді.