Жүрек саулығын сақтау үшін не істеу керек? Дәрігерден кеңес

Жүрек саулығын сақтау үшін не істеу керек? Дәрігерден кеңес

https://informburo.kz/kaz/paydaly-kenes/zurek-saulygyn-saqtau-usin-ne-isteu-kerek-darigerden-kenes

 
Жыл сайын 18 миллионнан астам адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұмады.
                            
  Жыл сайын әлемде 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күнін атап өтеді. Ол алғаш рет 1999 жылы Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен ұйымдастырылған. 2023 жылы Дүниежүзілік жүрек күнінің ұраны – "Жүрек – өмір сүруге арналған". Бұл күнді өткізудің мақсаты – қоғамның назарын денсаулықты сақтау мәселелеріне аудару, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудың маңыздылығын атап өту.