"Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты"АҚ ересектердің орфандық ауруларды үйлестіру орталығы
Орфандық патология орталығы (бұдан әрі- ОПО) ҚР ДСМ КжІАҒЗИ АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен құрылған құрылымдық бөлігі болып табылады.
ОПО штаты тиісті білімі, кәсіптік даярлығы, біліктілігі және тәжірибесі бар мамандармен жасақталған. Олардың кәсіби деңгейі біліктілікті арттыру курстарында, сондай-ақ сирек кездесетін ауруларды диагностикалау, емдеу бойынша семинарларда, сондай-ақ жекелеген мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру шеңберінде жеке мерзімді оқытумен қамтамасыз етіледі.
Орталықтың мақсаты: мультидисциплинарлық тәсіл негізінде орфандық аурулары бар ересек науқастарға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жарттыру
Орталықтың міндеттері:
- Орфандық аурулары бар ересек науқастарға мамандандырылған көмекті үйлестіру;
- Бекітілген нозологиялар шеңберінде мультидисциплинарлық топтың сараптамалық қызметі және консультациялық көмегі;
- Орфандық патологиясы бар науқастарды неонаталдық, балалар патологиясынан ересектерге медициналық көмек көрсету желісіне сабақтастығын қамтамасыз ету;
- Орфандық аурулар бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
- Орфандық аурулар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
- Орфандық аурулар саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу;
Орталық функциялары:
- Орфандық аурулардың бекітілген нозологиялары бойынша консилиумдарды ұйымдастыру және өткізу;
- Нозологияларды орфандық аурулар тізіміне енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
- Орфандық аурулардың бекітілген нозологиялары бойынша Сараптамалық кеңестің қорытындысын қалыптастыру;
- Нозологияны орфандық аурулар тізіміне енгізуге өтінім беру және қалыптастыру;
- Дәрілік препараттарды орфандық ауруларды емдеуге арналған препараттар тізіміне енгізуге өтінім қалыптастыру және өтінім беру;
- Ғылыми жобаларды әзірлеу және ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысу;
- Зерттеу жүргізуге арналған өтінім материалдарына сараптама жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізу туралы шешім қабылдау үшін КжІАҒЗИ АҚ Жергілікті-этикалық комитетіне өтінім материалдарын ұсыну;
- ҚР ДСМ орфандық аурулары бар науқастарды жүргізу мәселелері бойынша Сараптамалық кеңеспен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
- Орфандық аурулар саласындағы нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу;
- Емделуші ұйымдармен және үкіметтік емес ұйымдармен орфандық аурулар саласындағы өзара әрекеттесу;
- Орфандық аурулар саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу;
- КжІАҒЗИ АҚ білім беру қызметіне қатысу;
КжІАҒЗИ АҚ сараптамалық кеңесіне келесі мамандар енгізілді:
-Гастроэнтеролог;
- Эндокринолог;
- Терапевт;
- Ревматолог;
- Кардиолог;
- Аллерголог;
- Гематолог;
- Онколог;
- Нефролог
-Пульмонолог
Ересектердің орфандық ауруларын үйлестіру орталығына бекітілген назологиялар:
-Муковисцидоз
- Біріншілік өкпе гипертензиясы
- Өкпенің интерстициальды аурулары
- Фабри Ауруы
-Гаучер Ауруы
- Қысқа ішек синдромы
- Гиперкортицизм
- Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісік
- Гиперальдостеронизм
- Нейрофиброматоз 1 түрі
- Иммундық тромбоцитопениялық пурпура
-Лизосомалық қышқыл липазаның жетіспеушілігі
- Гипофосфатазия
- Акромегалия