12 мамыр - Дүниежүзілік мейіргер күні. Мейірімділік трендте

12 мамыр - Дүниежүзілік мейіргер күні. Мейірімділік трендте

12 мамырда Дүниежүзілік мейіргелер күні атап өтіледі, олардың миссиясы – білімді, тәжірибені, мейірімділікті, эмоционалды төзімділікті, адамның барлық жақсы қасиеттерін қажет ететін жауапты жұмыс.

Медицина - адам ресурстарын маман ретінде тартуды талап ететін ең маңызды салалардың бірі. Сондықтан мейіргер мамандығы өзекті және әрқашан сұранысқа ие. Мейіргерлер-дәрігердің негізгі көмекшілері. Көбінесе науқастың жанында болатын да мейіргелер. Пациент әрқашан олардың қарым-қатынасынан мейірімділікті, қолдауды сезінуі керек. Науқастың денсаулығы мен өмір сапасы олардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігіне байланысты.

Сондықтан, әсіресе қазіргі уақытта, төзімді, мейірімді болу маңызды. Ең алдымен, мейіргер мейірімділік, адамдарға құрмет көрсете білу қасиеттеріне ие болуы керек. Жұмыс барысында жылдам реакция, ұқыптылық, ізгілік, ұйымшылдық, стресске төзімділік сияқты дағдылар мен жеке қасиеттер қажет.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимовтың айтуынша, дәрігердің жұмысын мейіргерсіз елестету қиын. Олардың мойнында - дәрігердің барлық тағайындауларын қатаң орындау, пациенттерге күтім жасау және оларға білікті көмек көрсету. Олардың пациенттерді емдеудегі рөлі зор.

«Біздің клиниканың мейіргерлері мейірімділік пен адамдарға қамқорлық жасау дәстүрін жалғастыруда, олар: Айдана Сыздықова - кардиология бөлімшесі, Адилям Мусаева – қабылдау бөлімшесі, Оксана Лакисова - реанимация бөлімшесі, Халмурат Сыдықов – сәулелік диагностика бөлімшесі, Гүлбану Әбдал - кардиохирургия бөлімшесінің операциялық мейіргері және тағы басқа мамандар», - дейді Марат Орынбасарұлы.

«Мейіргерлер үнемі білімін жетілдіріп отыруы керек. Жаңа білімді игере отырып, олар өз жұмыстарын сапалы әрі тиімді орындай алады. Біз жыл сайын мейіргерлерімізді оқуға жібереміз. Мысалы, биыл ғана кардиохирургия бөлімшесінің аға мейіргері, операциялық мейіргер және анестезист мейіргер жақын және алыс шетелдердің жетекші медициналық орталықтарымен ынтымақтастық аясында Каунас қаласындағы Литва денсаулық ғылымдары университетінің ауруханасында тағылымдамадан өтті. Басқалары Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта LVAD кейін пациенттерді операциядан кейінгі бақылау, ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетінде қазіргі жағдайда мейірбике ісін ұйымдастыру бойынша білімдерін жетілдірді, - деп бөлісті ҒЗИ бірінші басшысы.

Ынтымақтастық туралы меморандум жасасу шеңберінде «Сунчонхян» университеттік медициналық орталығымен (Оңтүстік Корея, Пучон қ.), National Hospital Organization Nagasaki Medical Cеnter, Пиза университетінің дипломнан кейінгі білім беру кардиология институтымен (Италия) және басқа да әлемдік орталықтармен медицина қызметкерлері үшін кәсіби тағылымдамалар ұйымдастыру, мамандардың біліктілігін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.

«Мейірбике кәсібінің имиджі де өзекті. Біздің мейірбикелер С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ-да және әл-Фараби ат. ҚазҰУ оқып, жоғары мейіргерлік білім алуда», - дейді Марат Пашимов.

Мейіргерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында әріптестеріне алғысын білдіре отырып, Марат Орынбасарұлы: «Өз мамандығына адал болып қалуды және мықты денсаулық тілегім келеді - дені сау маман өз пациенттеріне де тиімді көмек көрсете алады, деді.

«Мейіргер мамандығының беделі әлі де артатынына сенімдімін. Ал орта медициналық қызметкерлер әрдайым трендтегі мейірімділіктің үлгісімен бұған барлық жағынан үлес қосады», деп ол ойын білдірді.