🏥 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жетекші ғылыми медицина орталықтарымен ынтымақтастық шеңберінде 2024 жылдың 17 шілдесінен 1 тамызға дейін Ресей ғылым академиясының профессоры, Іргелі және трансляциялық федералды зерттеу орталығы директорының ғылыми-клиникалық жұмыстары жөніндегі орынбасары, м.ғ.д. Сергей Артеменко күрделі жүрек ырғағы мен өткізгіштік бұзылыстарын емдеу үшін катетерлік араласуды жүзеге асырады.
✅ Операцияға көрсеткіштертер – жүрек ырғағының туа біткен және жүре пайда болған патологиялары. Бұл операциялар өте күрделі және жүрек ырғағының бұзылуын емдеудің ең тиімді әдісі болып табылады.
✅ Радиожиілік катетерлік абляция үш өлшемді навигациялық картаға түсірудің озық жүйелерін пайдалана отырып жасалады. 3D технологиялары аритмияның көзін – жүректің басқа тіндеріне зақым келтірместен патологиялық ошақты 1 миллиметрге дейін табуға көмектеседі. Науқас толығымен қалпына келеді, нәтиже операция кезінде көрінеді.
✅ Бұл іс жүзінде «зергерлік» жұмыс. Ырғақтың бұзылуын диагностикалаудың дәлдігін арттыру арқылы емдеудің тиімділігі, пациенттердің өмір сапасы артады, кенеттен қайтыс болу, асқынулар және т. б. саны азаяды.
✅ Сергей Артеменко – кардиолог, аритмолог, Жүрек-қантамыры хирургиясын дамытуға, жүрек-қантамырлары ауруларын диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге қосқан үлесі үшін РМҒА академигі Е.Мешалкин ат. сыйлықтың лауреаты, Ресей кардиология қоғамының, Бүкілресейлік аритмологтарының ғылыми қоғамының және Еуропалық кардиологтары қоғамының мүшесі.