2021 жылы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығында бюджет қаражаты есебінен 54 мыңнан астам (2020 жылы – 51 мыңнан астам), олардың ішінде 17 429 тегін консультациялар (2020 жылы – 15 191) көрсетілді. Қызметтер мен консультациялардың санын Пятницкий к-сі., 52 орналасқан орталықтың филиалы есебінен арттырылды.
Alex-2 (Австрия) кешенді молекулярлық аллергодиагностиканың жаңа микрочипті технологиясы енгізілді. Анықталатын аллергендер мен молекулярлық аллергокомпоненттердің саны өткен жылы 500-ден астамды құрады (2020 жылы – шамамен 310).
Ағымдағы жылы шетелдік аллерген-арнайы иммунологиялық терапияның жаңа технологияларын (спрей, инъекциялық препараттар) сынақтан өткізу жоспарланып отыр.