2021 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургиялық бөлімшесінде 332 кардиохирургиялық операциялар жасалды (2020 жылы – 328).
Бұл аортакоронарлық шунттау (АКШ), жүректің туа біткен және жүре пайда болған кемістіктерін түзету, жүректің қатерсіз ісіктерін алып тастау бойынша операциялар, біріктірілген операциялар (АКШ және солжақ қарыншаны қалпына келтіру, АКШ және криоаблация), митральдық және аорта қақпақшаларын протездеу, жүрекаралық қалқаның ақауын жою, гипертрофиялық кардиомиопатия мен аорта аневризмдеріндегі аз инвазивті және стандартты операциялар және т.б.
Барлығы 4, 5, 6 күрделілік санатындағы операциялар, бұған қарамастан операциядан кейінгі асқынулардың саны 1%-ға да жетпеді. Осындай жетістіктерге мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында қол жеткізілді.
Жыл бойы бөлімше дәрігерлері Алматы қаласы мен Алматы облысының медициналық ұйымдарына шығып, 400-ден астам пациенті қарады. Жетекші мамандар басқа ұйымдар мен Қазақстанның өңірлеріндегі әріптестері үшін пациенттерді әрі қарай емдеу және қарап тексеру мәселесіне қатысты 100-ден астам онлайн-консультациялар жүргізді.
Жыл сайын бөлімшенің мамандары әлемнің ең үздік орталықтарында біліктілікті арттыру курстарында білім алады, бөлімше мамандары үшін пациенттердің денсаулығы мен өміріне көрсетілетін көмектің сапасы бірінші кезекте тұр.