✅ 2023 жылғы 18 және 20 мамыр аралығында Алматы қаласында гастроэнтеролог дәрігерлердің (ересектер, балалар), колопроктолог-хирургтардың, инфекционистердің, терапевттердің, жалпы практика және эндоскопист дәрігерлердің, сәулелік және функционалдық диагностика дәрігерлерінің қатысуымен Ішектің қабыну аурулары бойынша VII Ұлттық форумы өтеді.
🏥 Іс-шараны ұйымдастырушылар: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ және Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы.
✅ Форумның ғылыми бағдарламасында:
- IҚА дисциплинааралық тобының құрамындағы диагностика, дифференциалды диагноз және менеджмент мәселелері;
- Ішек патологиясын медикаментоздық және нутритивті түзетудің заманауи тәсілдері;
- ІҚА және асқазан-ішек жолдарының неоплазиясы аспектісіндегі заманауи диагностикалық және емдік эндоскопиялық технологиялар;
- Жас ғалымдар секциясы (35 жасқа дейін).
✅ Форум аясында педиатриялық және инфекциялық сессиялар, сондай-ақ Республикалық колопроктологтар мектебі мен эндоскопиялық шеберлік сыныбы жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, «ІҚА диагностикасы және емдеу саласындағы үздік маман» және «ІҚА диагностикасы мен емдеу саласындағы үздік тәлімгер» байқауының қорытындысы жарияланады.
✅ Конференция гибридті режимде өтеді (off-line және on-line).
Форум соңында қатысушылар сертификат алады.
🕗 Өтетін орны: Досмұхамедов көшесі, 115, DoubleTree by Hilton Almaty қонақ үйі.
Тіркеуді веб-сайттан өтуге болады: https://ksssid.com
Форумның ұйымдастыру комитетімен байланыс:
✍🏻 e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
📞 телефондар: +7 7016007565 Танабаева Айнаш Серікқызы (хатшы)