Шілде айында біздің рентгенхирургтар Румынияның жетекші интервенциялық кардиологы және радиологы Marin Рostu қатысуымен ротабляция жасады. Бұл коронарлық артерияның стенозды зақымдануын алмасты тозаңдаумен жоғары жылдамдықты роторлық бұрғы көмегімен жоюдың заманауи әдісі.
Операция кезінде дәрігерлер кальцийленген әкпен жабылған жүректің «тасқа айналған» тамырларын бұрғылайды. Ротаблациясыз стентті толығымен ашу мүмкін емес, осылайша тамырды толық ашып, қан ағымын қалпына келтіру мүмкін емес.
Ротаблация - қатты және кальциленген атеросклеротикалық бляшкаларды емдеудің өте тиімді революциялық әдісі. Бірақ бұл емшара ауыр асқынуларға толы болғандықтан, оны сараптамалық деңгейдегі клиникаларда жоғары білікті тәжірибелі дәрігер жасауы керек.
Бұл пациент үшін барлық қауіптерімен, қолайсыздықтармен көлемді ашық операция жасамауға мүмкіндік береді.