2023 жылы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультациялық - диагностикалық орталығына 13493 пациент медициналық көмекке жүгінді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4277-ге көп (2022 жылы - 9216).
Пациенттер санының артуы кардиологтардың, гастроэнтерологтардың, невропатологтардың, ревматологтардың және басқа да мамандардың қабылдау жүргізуіне байланысты, КТ, МРТ, УДЗ сияқты диагностикалық қызметтер де қолжетімді, сонымен қатар жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмектің барлық түрі көрсетіледі.
Жыл бойы орталыққа еліміздің барлық өңірлері: Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан, ШҚО, БҚО және СҚО келген тұрғындар медициналық көмекке жүгінді.
Көбінесе пациенттер ревматолог, аритмолог, гастроэнтеролог, кардиохирург, интервенциялық кардиолог және пульмонолог мамандарына қаралды.