🏥 Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ 2024 жылдың 20 мамыр - 1 маусым аралығында кардиолог, жалпы практика және отбасылық медицина дәрігерлері, терапевт, акушер-гинеколог мамандар үшін 120 сағаттық (2 апта) «Жүктілік кезіндегі жүрек-қан тамырлары аурулары» тақырыбында біліктілікті арттыру циклі өтеді.
✅Оқыту форматы - күндізгі.
✅Еліміздің жетекші кардиологтары: КІАҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Гүлнар Жүнісбекова, кардиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Мира Тундыбаева, кардиология кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі Ләззат Бағланова және ІА кафедрасының ассистенті Диляра Мұхтарханова білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандарды жүкті әйелдердегі жүрек-қан тамырлары патологияларын бағалауға, диагностикалауға, болжауға, профилактикалық және емдік шараларды жүргізуге оқытады.
✅Оқыту цикл қатысушыларына жүктілік кезіндегі экстрагениталды патологияларды (жүрек ауруы, перипартальды кардиомиопатия) бақылау бойынша кәсіби білімдерін, дағдылары мен біліктілігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
✅Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі құжат -біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.
Барлық сұрақтар (қатысу, шартты ресімдеу, кредит құны және т.б.) бойынша 8 727 2330068 📞 хабарласуға болады.