Қазақстан денсаулығын оңалтқысы келетін шетелдіктер үшін жылдан - жылға тартымды болып отыр. Біздің елде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы шетелдегіден кем емес, себебі жоғары білікті медицина мамандары және жоғары технологиялық клиникалар бар.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында заманауи жоғары технологиялық жабдықтар, ғылыми-зерттеу және клиникалық база бар. Мұнда өз ісінің шеберлері жұмыс істейді. Сондықтан республикамыздың барлық өңірлерінен, жақын және алыс шетелдерден емделуге келеді.
2024 жылы КІАҒЗИ халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растады және JCI қайта аккредиттеу рәсімінен өтті. JCI стандарттары денсаулығы мен өмірін бізге сеніп тапсырған пациенттердің күтімі мен қауіпсіздігіне бағытталған. JCI аккредитациясы пациенттерге клиникаға сене алатынын көрсетеді. Біз JCI ұсынатын құралдарды пайдалана отырып, қызметтердің сапасын үнемі жақсартуға тырысамыз.
2024 жылы институтта Германия, Польша, Қытай, Куба, Ауғаныстан, Ресей Федерациясы, Грузия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің азаматтары және тұруға рұқсаты бар шетел азаматтары емделді.
2023 жылы 58 науқас емделсе, 2024 жылы – 82.
Куба, Қытай, Ресейден келген пациенттерге тамырлардың эндоваскулярлық баллонды ангиопластикасы, Қырғызстан, Ресейден келген науқастарға – тері арқылы өтетін транслюминальды коронарлық ангиопластика, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей азаматтарына – коронарлық артерияға дәрілік стент енгізу, Украина, Ресейден келген пациенттерге – эндоваскулярлық қолжетімділікті қолдану арқылы жүректің зақымдалған аймағын жою, Германия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген науқастарға – екі катетерді қолдану арқылы коронарлық артериография жасалды. Сондай-ақ коронарография жасадық, кардиохирургтар коронарлық артерияларды аортокоронарлық шунттау жасады. Қалғандары консервативтік ем қабылдады.