2021 жылғы 23 және 25 қыркүйек аралығында онлайн форматта Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Аллергология және иммунология: жетістіктері мен болашағы» атты V Халықаралық конференция өтеді.
Ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ, Аллергологтар, иммунологтар және иммунореабилитологтар қоғамы.
Конгресс шеңберінде «COVID-19 және басқа инфекциялардың иммунотерапиясы мен иммунопрофилактикасы», «Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструктивті патологиясы», «Аллергодерматоз», «Клиникалық зертханалық диагностика» «Инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың иммунопатогенезі, иммунодиагностикасы және иммунопрофилактикасы» тақырыптарында семинарлар өтеді, қатысушылар мамандардан кеңес алады. «Дәрілік заттарға жоғары сезімталдықтың алдын алу. Күнделікті тәжірибедегі аллергияның in vitro және in vivo арнайы диагностикасы», «Пандемия кезінде заманауи технологиялармен спирометрияны қолдану» тақырыптарында шеберлік кластары, сонымен қатар Қазақстанның жас ғалымдарының сессиясы өткізілетін болады.
Талқылау барысында қатысушылар өздерінің барлық сұрақтарына жауап ала алады.
Венгрия, Канада, Австрия, Испания, Пакистан, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстанның жетекші ғалымдары мен практиктары, сондай-ақ отандық аллерголог-иммунологтар, пульмонологтар, неонатологтар, дерматовенерологтар мен инфекционистер баяндама жасайды.
Барлық қажетті ақпаратты www.oaiir-2021.kz сайтынан таба аласыздар.