29 ақпанда Алматыда «Әйелдер жүрегінің құпиялары: әйелдердегі жүрек-қан тамырлары ауруларының ерекшеліктері» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді

29 ақпанда Алматыда «Әйелдер жүрегінің құпиялары: әйелдердегі жүрек-қан тамырлары ауруларының ерекшеліктері» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді

2024 жылғы 29 ақпанда Алматы қаласында «Әйелдер жүрегінің құпиялары: әйелдердегі жүрек-қан тамырлары ауруларының ерекшеліктері» халықаралық қатысуымен онлайн-трансляциямен офлайн форматта республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

🏥 Ұйымдастырушылар: С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика бойынша мамандар қоғамы.

Конференция бағдарламасында: әйелдердегі жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің өзекті аспектілері, кардиология және аралас салалардағы шетелдік және отандық сарапшы мамандар - спикерлердің баяндамалары.

✅Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.  

✅Іс-шараға қатысу үшін https://whs2024.online/ сілтемесі бойынша тіркелуге және трансляцияны жүктеуге болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 108, "Kazzhol Park" қонақ үйі, конференц-зал.

Өткізу уақыты: сағат 09.30 – қатысушыларды тіркеу, сағат 10.00 -пленарлық отырыстың басталуы.

         Қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша мына 📞📞 хабарласа аласыздар: 8 727 2330068, 8 747 9346598 - Гульсан Гайбирановна, электрондық пошта✍: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Біз Сіздерді күтеміз!