2024 жылғы 11-15 наурыз аралығында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да профессор, РҒА академигі, ІТМ ФЗО директорының ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары, м.ғ.д. Сергей Артеменконың жетекшілігімен жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің күрделі бұзылыстарын емдеу бойынша катетерлік араласулар жүргізілді.
Бұл операциялар өте күрделі және жүрек ырғағының бұзылуын емдеудің ең тиімді әдісі болып табылады.
«Біз алыс және жақын шетелдердің көптеген медициналық орталықтарымен және клиникаларымен ынтымақтастықтамыз. Жетекші ресейлік маманмен бірлескен операциялар жүргізе отырып, ҒЗИ дәрігерлері үлкен тәжірибе алуда. Профессор Артеменкоға операцияларды кәсіби қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді», - дейді институттың басқарма төрағасы Марат Пашимов.
Радиожиілік катетерлік абляция жүрекке ең күрделі жоғары технологиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін үш өлшемді навигациялық картаға түсірудің озық жүйелерін пайдалана отырып жүргізіледі. Осылайша адамдардың өмірін құтқарады, оларды толыққанды өмірге қайтарады. Бұл жүйе Алматыда тек КІА ҒЗИ-да ғана бар.
Жүрекшелер фибрилляциясы және басқа да күрделі эктопикалық ошақтары бар науқастарға ота жасалды. Еліміздің басқа клиникаларында бірнеше рет қайталап ота жасалған науқастар бар.
Мысал келтірсек, күрделі аритмиямен 63 және 54 жаста 2 науқасқа операция жасалды. Олардың екеуі де қозғалмаса да сезілетін жүрек соғысының жиілігі, физикалық жүктеме кезінде ентігу, жалпы әлсіздікке шағымданды. Мәселе мынада, аритмияның патологиялық ошақтары жүректің өткізгіш жүйесінде онымен «қауіпті» жақындықта орналасқан. Персоналдың жоғары біліктілігінің, жоғары технологиялық жабдықтың және пациенттерді тиісті даярлаудың арқасында операциялар сәтті өтті.
Профессордың айтуынша, осының барлығының институтта болуының арқасында қазақстандық әріптестер ең күрделі операциялар жасай алады. 3D технологиялары аритмияның көзін – жүректің басқа тіндеріне зақым келтірместен патологиялық ошақты 1 миллиметрге дейін табуға көмектеседі. Науқас толығымен қалпына келеді, нәтиже операция кезінде көрінеді.
Бұл іс жүзінде «зергерлік» жұмыс. Клиниканың аритмологтары шетелдік әріптесінің бақылауымен әр түрлі жастағы күрделі жүрек аурулары бар науқастарға 30-дан астам операция жасады.
Ырғақтың бұзылуын диагностикалаудың дәлдігін арттыру арқылы емдеудің тиімділігі, операциядан кейінгі ерте және алыс кезеңдердегі пациенттердің өмір сапасы артады, кенеттен қайтыс болу, асқынулар және т. б. саны азаяды.