🏥 2023 жылғы 15 қараша сағат 12.00-де Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да эндокринолог, кардиолог, терапевт, ангиохирург дәрігерлерге және резиденттерге арналған конференция өтеді.
Іс-шара бағдарламасы:
✅ Институттың Басқарма төрағасы Марат Пашимовтың құттықтау сөзі.
✅ ҚР жетекші эндокринологы, ҒЗИ эндокринология кафедрасының меңгерушісі, ТМД елдерінің қант диабеті мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің және Еуропалық қант диабетін зерттеу қауымдастығының мүшесі, м.ғ.к. Лаура Даньярованың «Бастапқы профилактика: предиабет!» және «Диабет және жүрек-қан тамырлары аурулары: жаһандық ұғыну» тақырыптарында дәрісі.
✅ Белгілі подолог дәрігер, клиника консультанты, қант диабеті кезіндегі аяқтың зақымдануын емдеудің бірқатар био-, нанотехнологиялық әдістерінің авторы Рустем Нуралин «Диабеттік аяқ синдромы: ампутацияның алдын алу» тақырыбында дәрісі.
Спикерлер сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді.
🕗 Өтетін орны: Әйтеке би көшесі, 120, конференц-зал, 4 қабат.
🕗 Қатысушыларды тіркеу: сағ. 11.45-тен 12.00-ге дейін.
2 типті қант диабеті бүкіл әлемде өршу үстінде екенін және Қазақстандағы пациенттердің 95%-да 2 типті ҚД, яғни өмір салтымен және басқа да қауіп факторларымен байланысты екенін ескере отырып, ауруды ерте кезеңде анықтау өте маңызды.
Осыған байланысты Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мамандары созылмалы инфекциялық емес аурулар мен 2 типті қант диабетінің қауіп факторлары бойынша сауалнамалар әзірледі. Онлайн сауалнамадан QR кодты сканерлеу арқылы өтуге болады. Сауалнама нәтижелері бойынша Сізге аурудың даму қаупін есептеп береді және Сіз көрсеткен электрондық поштаға немесе смартфондағы ватсапқа жібереді.
ДДҰ ҰСЫНҒАН STEP САУАЛНАМАСЫ
FIND RISK ШКАЛАСЫ