🏥 Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында астаналық мамандармен бірге қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін радиожиілікті абляциялау (РЖА) емшарасы сәтті енгізілді және МӘМС шеңберінде квота бойынша бірнеше сәтті жағдайлар жүргізілді.
✅ Алматыда РЖА емшарасы үшін консультациялар жүргізіп пациенттерді іріктейміз. Пациенттерді іріктеуді Қазақстанда емдеудің осы әдісін енгізген дәрігер Малаев Нияз Бейсенұлы жүргізеді.
✅Кешенді тексеруге:
- интервенциялық рентгенологтың кеңесі
- қалқанша безінің сараптамалық ультрадыбыстық зерттеуі
- цитологиялық зерттеу (РЧA алдында түйіннің қатерсіздігін екі рет растау қажет)
- Алматы қаласының жетекші эндокринологының консультациясы (көрсеткіштеріне қарай) кіреді.
Қабылдау кезінде қажет болған жағдайда кистоздық түйіндердің көрсеткіштері бойынша пациенттерге склеротерапия (спирттік абляция), сондай-ақ РЧА-ға дайындық кезеңдерінің бірі ретінде жүргізіледі. Кешенді тексерудің жалпы бағасы: 50.000-нан 70.000 теңгеге дейін.
✅Пациенттерді консультациялық іріктеу 4 және 5 шілдеде сағ. 09:00-ден 19:00-ге дейін Әйтеке би к-сі, 120 мекенжайы бойынша КІАҒЗИ алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.
Төмендегі 📞 бойынша Сіз қабылдауға жазыла аласыз және барлық сұрақтарға жауап аласыз:
+7 777 208 9600 Мажимова Анар Жұмагелдіқызы
(09:00 - 18:00 дейін қоңырау шалуға, сағ. 18.00 - 21.00 дейін WhatsApp жазуға болады).
🏥 Қалқанша безінің түйіндік қатерсіз түзілімдері бар пациенттерге көрсетілімдер бойынша консультация мен іріктеуден кейін МӘМС шеңберінде Алматы қ., КІАҒЗИ қалқанша безінің түйіндерінің РЧА емшарасы жүргізілетін болады.