Алматыда қалқанша безінің түйіндік түзілімдерін емдеудің бірегей инновациялық әдістері енгізілуде

Алматыда қалқанша безінің түйіндік түзілімдерін емдеудің бірегей инновациялық әдістері енгізілуде

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да қалқанша безінің түйіндік түзілімдерін емдеудің жоғары тиімді әдісі - радиожиілікті аблация енгізілуде. 2 пациентке, Түркістан облысынан 47 жастағы әйелге және Жамбыл облысынан 43 жастағы ер адамға аз инвазивті операция жасауға Астана қаласынан интервенциялық онкорадиолог Нияз Малаев көмектеседі.

Екі науқасқа да уытты емес бір түйінді зоб диагнозы қойылды - бұл функцияның бұзылуынсыз қалқанша безінің қатерсіз патологиясы. Симптомдар түйіннің көлеміне және оның орналасуына байланысты: косметикалық ақау, тыныс алу мен жұтудың қиындауы, тамақ ішу кезінде ыңғайсыздық сезіну, дауыстың өзгеруі.

«Біздің клиникада терапиялық бейіндегі пациенттер, соның ішінде қант диабеті, қалқанша безінің аурулары және т.б. науқастарға медициналық көмек көрсетіледі. Қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін емдеудің бірегей, аз инвазивті әдісі - радиожиілікті аблацияны енгізу біздің пациенттерге хирургиялық араласусыз қалқанша безінің түйіндік түзілімдерінен арылуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біз Астана қаласының Ұлттық ғылыми медициналық орталығының дәрігері, әріптесіміз Нияз Бейсенұлына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз», - дейді ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

«Радиожиілікті аблация - ісік тініне әсер етудің заманауи әдістерінің бірі. Оның мақсаты - ісікті толығымен жою, осы әсердің нәтижесінде қалқанша без түйіндерінің патологиялық жасушалары жойылады, бездің сау тіндері зақымдалмайды. Бұл әдіс қалқанша безінің түйіндерін хирургиялық алып тастауға тамаша балама болып табылады», - деп атап өтті Нияз Бейсенұлы.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда қалқанша безінің қатерсіз түйіндік ісіктерін хирургиялық алып тастауды қамтитын стандартты терапия қолданылған.  

Қалқанша безін аблациялау процедурасын пациенттер жақсы өткереді және шамамен 30 минуттай уақытты алады. Процедурадан кейін шамалы ауырсынудың пайда болуы қосымша ауырсынуды басуды қажет етпейді. Радиожиілікті аблация қауіпсіз. Бұл әдістің артықшылығы - аз инвазивтілік және процедураның қысқа мерзімділігі, жақсы терапиялық әсер және асқынулардың болмауы.

КІАҒЗИ эндокринология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., MD PhD Лаура Даньярованың пікірі бойынша, РЧА-ға негізгі көрсеткіштері:

- науқастың хирургиялық араласудан бас тартқан кезде, 3,0 см-ден асатын қалқанша безінің қатерсіз түйіндері, қысылу белгілерін және/немесе эстетикалық проблемалардың туындауы;

- құрамында 70%-дан астам кисталық компонент, сондай-ақ іргелес органдардың қысылуын тудыратын өсіп келе жатқан түйіндер бар барлық дерлік қатты және аралас қатты кисталық түйін түзілімдеріне жасауға болады.

РЖА процедурасының алдында түйіндік түзілім биопсиясы және цитологиялық зерттеу қажет.

Пациент Туреханова Ойдин: Мен 3 жыл бойы ауырамын, Ташкентке бардым, Қазақстанда емделдім – маған барлық жерде ота жасау ұсынылды, бірақ мен бас тарттым. Менің жолым болып, Алматыда осы клиникада қалқанша безінің радиожиілік абляциясын жасай бастапты. Операциясыз емдеуге болады екен. Бүгін алғыс айту күні, мүмкіндікті пайдаланып, дәрігерлерге ризашылығымды білдіргім келеді. Олардың тынымсыз еңбегіне, алтын қолдарына, кәсіби шеберліктеріне алғысым шексіз!

Алдағы уақытта ҒЗИ-да мамандар даярлауды және көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, қалқанша безінің қатерсіз түзілімдерін РЖА жүргізуді жоспарлап отыр.