Алматыда алғаш рет КІАҒЗИ 36 жастағы науқасқа қалқанша безінің радиожиілік абляциясы жүргізілді

Алматыда алғаш рет КІАҒЗИ 36 жастағы науқасқа қалқанша безінің радиожиілік абляциясы жүргізілді

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ - да қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін хирургиялық емес емдеу - радиожиілікті абляция алғаш рет енгізілуде. Көп түйінді эутиреоидты зоб (түйіннің мөлшері 5,0 см-ден астам) диагнозы қойылған 36 жастағы пациентке бірегей миниинвазивті операцияны клиниканың рентгенхирургтары мен эндокринолог дәрігерлерінің қатысуымен, институт басшылығының шақыруымен келген Астана қаласы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының интервенциялық онкорадиолог дәрігері Нияз Малаев жасады.

Радиожиілікті абляция - ісік тініне әсер етудің заманауи әдістерінің бірі. Оның мақсаты: жаңа өспелердің толық жойылуы, нәтижесінде қалқанша безінің түйіндік түзілу жасушалары жойылады, түйін мөлшері кішірейеді және уақыт өте келе азаяды. Бұл жағдайда бездің сау тіндері зақымдалмайды.

«Қазақстанда 2022 жылдан бері қолданылып келе жатқан радиожиілікті абляция әдістемесі қалқанша безінің қатерсіз түйіндік ісіктерін емдеуде жақсы тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті. Қалқанша безінің түйіндерінің көпшілігі қатерсіз және симптомсыз, бірақ үлкен түйіндер косметикалық проблемаларды, мойын мүшелерінің қысылу белгілерін, ауырсынуды, дисфагияны, бөтен денені сезінуді, жайсыздықты және жөтелді тудыруы мүмкін»,- деп түсіндірді Нияз Бейсенұлы.

«Процедура анестезияны қажет етпейді. Қалқанша безінің қатерсіз түйіндеріндегі ауырсынуды бақылау үшін жергілікті анестезия қолданылады. Пациенттер жақсы көтереді, процедурадан кейін қосымша ауырсынуды немесе көктамыр ішіне седацияны қажет етпейтін шамалы ауырсыну пайда болуы мүмкін. Радиожиілікті абляция - асқыну жиілігі төмен қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін емдеудің қауіпсіз әдісі. Оны әлемнің дамыған елдерінің көптеген кәсіби эндокринологиялық қоғамдары ұсынады», - дейді доктор.  

Визуалды ультрадыбыстық бақылаумен термиялық радиожиілікті абляция әдісі әлемнің дамыған елдерінде кеңінен қолданылады. Науқастардың өмір сүру сапасы жақсарады. Радиожиілікті абляция қалқанша безді хирургиялық жолмен алып тастауға тамаша баламасы.

«Дәрігерлерге барған кезде маған хирургиялық жолмен алып тастау ұсынылды, бірақ мен бас тарттым. РЖА процедурасы алдында маған қалқанша безінің цитологиялық зерттеуі жүргізілді, биопсия алынды, ол ауыртпалықсыз жасалды. Қазір өзімді жақсы сезінемін және бүгін үйге шығамын. Нияз Бейсенұлына, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ дәрігерлері Алексей Евгеньевичке, эндокринологтар Лаура Бахытжанқызы мен Балнур Пердекожақызына жоғары кәсіби шеберлігі үшін алғысым шексіз», - дейді Айнұр - Алматыда алғаш рет қалқанша безінің РЖА өткізген науқас.

«Қазір Алматыда МӘМС шеңберінде қалқанша безінің қатерсіз түйіндік түзілімдерін аз инвазивті емдеудің инновациялық, жоғары тиімді әдістері пациенттерге қолжетімді. Болашақта осы әдістемеге көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, мамандарды даярлауды және қалқанша безінің қатерсіз түзілімдерінің РЖА жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деген оймен бөлісті ҒЗИ дәрігерлері.