Алматыда Ұлыбритания, Франция, Италия, Израиль, Түркия, Сербия, Ресей, Грузия, Украина және Қырғызстанның жетекші сарапшыларының қатысуымен Қазақстан кардиологтарының XV Мерейтойлық Конгресі өтуде.
Ұйымдастырушылар: С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, ҚР Кардиологтар қауымдастығы, Жүрек жеткіліксіздігі жөніндегі Еуропалық қауымдастық және Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі жөніндегі мамандар қоғамы.
Іс-шара барысында жүрек-қан тамырлары патологияларын диагностикалау және емдеу бойынша соңғы жаңалықтар талқылануда, негізгі қазақстандық және халықаралық спикерлермен телекөпірлер өтті, медициналық практикадағы жағдайларға талдау жасалып, клиникалық ұсынымдар талқыланды. Қатысушылар пікірсайыс клубына қатысты. Жас ғалымдардың дәстүрлі байқауы, екінші рет - қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың резидент-кардиологтары арасында байқау өтті.
Конгресстің негізгі тақырыптары:
-ESC-2022 өкпе гипертензиясын диагностикалау және емдеу, сондай-ақ қарыншалық аритмиясы бар науқастарды емдеу және кенеттен жүрек өлімінің алдын алу бойынша ұсынымдар.
- Жүкті әйелдердің өміріне қауіп төндіретін жоғары қауіпті жағдайлардың алдын алу.
- Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудағы салауатты өмір салтының рөлі.
- Коронарлық артериялардың обструктивті зақымдануынсыз миокард инфарктісін емдеу ерекшеліктері.
- 2022 жылғы жаңа клиникалық нұсқауларда ишемиялық инсульттің қайталама профилактикасы.
-негізгі жүрек-қан тамырлары ауруларының және т.б. алдын алу және емдеу бойынша соңғы халықаралық клиникалық ұсыныстар.
Жүрек-қан тамырлары аурулары әлемде және Қазақстанда өлімнің негізгі себебі болып табылады және қала бермек. Жедел және созылмалы жүрек аурулары бар науқастарда кардиоваскулярлық жағдайлардың алдын-алу және тәуекелдерді тиімді басқару жүрек-қан тамырлары мен жалпы өлімді азайтады.
Айта кетсек, COVID-19 пандемиясының 2 күрделі жылынан кейін алғаш рет ҚР халқының жалпы өлім-жітімінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,7% - ға төмендеді, оның ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 33,7% - ға төмендеді.
«Еліміздің барлық өңірлерінен келген ауыр және диагностикасы қиын жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттерге мамандандырылған, жоғары технологиялық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсете отырып, біз оларды емдеуге, диагностикалауға, оңалтуға және өмір сүру сапасын арттыруға өз үлесімізді қосудамыз», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
«Кеше және бүгін біздің клиниканың жетекші кардиологтары, аритмологтары, функционалдық диагностика дәрігерлері конгресстің ғылыми бағдарламасы аясында созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастарды емдеу және оңалту, жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары және т.б. бойынша өз тәжірибелерімен бөлісуде», - дейді Марат Орынбасарұлы.
Еліміздің үздік кардиологтарына ҚР кардиологтар қауымдастығының дипломдары табысталды. КІА ҒЗИ рентгенэндоваскулярлық операциялық бөлімшесінің меңгерушісі Алексей Колесников «Ақ жүрек» номинациясы бойынша дипломмен және мүсіншемен марапатталды.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша тәжірибе және білім алмасу жүрек ғылымы мен практикасын дамытуға және жетілдіруге көмектеседі.
Мұндай конгрестер мамандарға соңғы ғылыми жетістіктер туралы білуге, өзекті мәселелерді талқылауға және ортақ мақсаттарға жету үшін ынтымақтасуға мүмкіндік береді.