Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 2019 жылдың тамыз айынан бастап эндокринолог, гастроэнтеролог, нефролог, кардиолог, пульмонолог және аллерголог мектептері ашылды, мұндағы басты мақсат – пациенттердің емделуге бейімділігін арттыруға көмектесу, өз денсаулықтарын нығайтуға деген ынталарын қалыптастыру, мінез-құлық қауіп факторларының (тамақтану, физикалық белсенділік, стреспен күресу, жаман әдеттерден бас тарту) денсаулығына жағымсыз әсерін азайту бойынша дәрігердің ұсыныстарын орындау, өзін-өзі бақылау, олардың денсаулығы мен өмір сүру сапасына жауапкершілікті арттыру, емдеу мен оңалтудың тиімділігіне қол жеткізуде медицина қызметкері мен пациенттің ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
Науқастың санасында оның емдеуге қатысуының маңыздылығын қалыптастыру маңызды.
Бүгін клиниканың қант диабеті мектебінде №1 терапия бөлімшесінде стационарлық ем қабылдап жатқан науқастарға сабақ өтті.
Дәрігер-эндокринолог Балнұр Сұлтанова қант диабетінің не екенін түсіндірді. Пациенттер аурудың даму себептері туралы және қандағы глюкозаның мақсатты мәндері, қан липидті профилі, қан қысымы, 2 типті қант диабетінің қауіп факторлары туралы білудің маңыздылығы жөнінде хабардар болды.
Олардың кейбіреулері:
- Төмен физикалық белсенділік;
- Қант диабетімен ауыратын туыстарының болуы;
- Әйелдер үшін: салмағы 4 кг-нан асатын баланың туылуы немесе гестациялық қант диабеті (жүктілік кезінде пайда болатын қант диабеті);
- Жүрек-қан тамырлары ауруларының сырқатнамасы;
- Инсулинге төзімділікпен байланысты жағдайлар: ауыр семіздік және т.б. қауіпті факторлары.
Қант диабеті туралы ең көп таралған мифтер жоққа шығарылды.
Әрбір пациент өзінің ауру тарихы туралы, дұрыс тамақтану, жаттығу және дәрі-дәрмекпен емделудің көмегімен ауруды басқаруды қалай үйреніп жүргенін айтты.
Алынған білім мен дағдылар пациенттердің өз ауруы, қауіп факторлары, оның дамуы, мүмкін болатын асқынулар туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді. Сабақ барысында науқастардың жоғары белсенділік танытқаны қуантады. Қант диабеті сияқты өзекті тақырыпты талқылау нәтижесінде олар дерттің салдарын болдырмай, қалыпты өмір сүре алатындықтан, өз дертін басқаруды ұстанатындықтарын айтты.
Одан басқа, 2013 жылдан бастап Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) жүзеге асырылуда. Ауруларды басқару бағдарламасына артериялық гипертензия, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі және 2 типті қант диабеті сияқты аурулар кірді.
Бағдарламаға қатысқан пациенттер емдеудің тиімділігі көбінесе аурудың мәнін дұрыс түсінуге, емдеуді ұстануға және дәрігердің ұсыныстарын орындауға байланысты екенін түсіне бастады. Қант диабетімен ауыратын диспансерлік есепте тұрған 391 703 пациенттің 247 688-і (63,2%) АББ-ға кірді. Гликирленген гемоглобиннің бақылау деңгейінің <7% төмендеуіне АББ-ға қатысатын қант диабетімен ауыратын науқастардың 25,3% - дан астамы қол жеткізді.