Қарттар күніне және Дүниежүзілік жүрек күніне арналған іс-шаралар
Кардиология және ішкі медицина ҒЗИ жанындағы консультативтік-диагностикалық орталық қарттар күніне - 1 қазан және Дүниежүзілік жүрек күніне - 29 қыркүйек күні Ашық есік күнін өткізді.
Қарттар күніне орай Ашық есік күні аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
1) салауатты өмір салты туралы ақпараттық бейнеролик көрсету;
2) науқастар үшін 49 зерттеу жүргізілді, 58 пациент консультативтік-диагностикалық есеп беруімен қабылданды, оның ішінде 6 науқас кардиология және ішкі медицина ғылыми-зерттеу институтына госпитализациялауға жіберілді.
3) 2018 жылғы 4 қазанда мамандар тобы (кардиолог, терапевт, эндокринолог) Алматыдағы паллиативтік көмек орталығына келді. Стационарлық емделушілерге консультативті-диагностикалық көмек көрсетілді - 20 адам және Орталықтың 9 қызметкері.
Дүниежүзілік жүрек күніне орай Ашық есік күні аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
1) 2018 жылдың 2 қазанында жүрек-қан тамырлары ауруларының диагностикасы және алдын-алу бойынша дәріс өткізілді, 27 науқас қатысқан бейнеролик көрсетілді;
2) науқастарға арналған ақпараттық медициналық әдебиеттерді тарату;
3) 2018 жылдың 1 қазанында Консультативтік-диагностикалық орталықтың фойесінде барлық қызығушылық танытқан қонақтарға қан қысымын өлшеу, қандағы қант пен холестеринді анықтау мүмкіндігі болды.
126 науқаста қан қысымы өлшенді, 69 науқаста қандағы қант деңгейі анықталды
4) келушілерге жүректің ишемиялық ауруы туралы 100 жадынама, артериялық гипертензия туралы 200 жадынама, артериялық гипертензия туралы 75 күнделік, қант диабеті туралы 75 күнделік келіп түсті.