Бүгін, «Asfen Forum, жаңа буын-2023» 1 Халықаралық форумының шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да кардиология бойынша секциялық отырыс өткізілді.
Форум барысында әлемнің 20 елінен (Қытай, Ұлыбритания, Ирландия, Финляндия, Түркия, Словения, Индонезия, Оңтүстік Корея, Польша, Испания, Аустрия, Нидерланды, Литва, Иран, Германия, АҚШ, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей) дарынды жас ғалымдары медицина саласындағы инновациялық жобаларды ұсынады.
Форумда денсаулық сақтау саласындағы жастардың қатысу тақырыптары, ғылым, білім, практика және бизнесті интеграциялау шеңберінде денсаулық сақтау және білім беру жүйесін дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланады.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бөлімшесінің меңгерушісі, Жүрек жеткіліксіздігі жөніндегі Еуропалық қауымдастық президиумының мүшесі, PhD Амина Ракишева да «СЖЖ менеджментінің заманауи ұстанымдары» тақырыбында баяндамасын ұсынады.
Іс-шара жас ұрпақтың шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында академиялық қауымдастықтарды, зерттеушілер мен жас ғалымдарды денсаулық сақтау саласындағы ақпаратпен, тәжірибемен және зерттеу нәтижелерімен бөлісу үшін біріктіруге мүмкіндік береді.