Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жетекші мамандары телемедицина көмегімен еліміздің барлық өңірлерінің науқастарынаа қашықтан кеңес береді. Көптеген жылдар бойы қашықтан кеңес беру аймақтардағы әріптестерге дұрыс диагноз қоюға, пациенттерді емдеу тактикасын анықтауға, барлық деңгейлерде көмек көрсету траекториясын анықтауға және қажет болған жағдайда науқасты институтқа тасымалдауға мүмкіндік береді.
Бір пациентке пәнаралық мамандар тобының қатысуымен бірнеше телемедициналық консилиум өткізілуі мүмкін. Көрсеткіштеріне қарай клиникаға емдеуге жатқызу жүзеге асырылады.
Мұндай сабақтастық медициналық көмектің сапасын арттырады және институт базасында резиденттерді оқыту кезінде білім беру процесінің элементтерінің бірі ретінде қызмет етеді.