Атырау, Шымкент, Өскемен қалаларының гастроэнтерологтары Қазақстан өңірлеріндегі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Өңірлік мектебінің «Коморбидтік жай-күйлер: пациенттерді бақылаудың практикалық аспектілері» жұмысына қатысты.
Осы өңірлерге сапар барысында құрамында ІҚА, қысқа ішек синдромы және нутритивтік қолдау мамандандырылған орталығының басшысы Иса Мұсатаев, №2 терапия бөлімшесінің меңгерушісі Балжан Нұғманова және институттың ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, гепатолог Алмагүл Жұмабаева бар КІАҒЗИ жетекші мамандары гастроэнтерологиялық бейіні бар пациенттерге консультациялық көмек көрсетіп, оқыту іс-шараларын өткізді.
Атырау қаласының облыстық ауруханасы мен Гастро-гепатологиялық орталығында, Шымкент қаласының №2 клиникалық ауруханасында және Түркістан облысының ОКА, сондай-ақ Өскемен қаласының №4 ауруханасында ІҚА және бауыр аурулары бар 50-ден астам пациентке, оның ішінде күрделі науқастарға консилиумдар мен терапияны түзету жүргізілді, пациенттерді бақылау жөнінде ұсыныстар берілді. Оқу іс-шараларына 300-ге жуық жалпы тәжірибелік дәрігерлер, гастроэнтерологтар, кардиологтар, эндокринологтар, инфекционистер, невропатологтар мен фельдшерлер қатысты.
Оқыту барысында ҒЗИ мамандары заманауи ғылыми деректер мен клиникалық ұсынымдар негізінде асқазан-ішек жолдарының ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу туралы, институтта қолданылатын инновациялық дәрілік препараттарды, бейнелеу әдістерін және аз инвазивті араласуларды қоса алғанда, жаңа диагностикалық және терапиялық тәсілдер, гастроэнтерологтардың, кардиологтардың, терапевтердің, ЖПД дәрігерлерінің, эндокринологтардың және басқа да мамандардың пациенттерді емдеудегі өзара іс-қимылы туралы ақпаратты ұсынды. Гастропрофилді науқастардың ауыр клиникалық жағдайлары талқыланды.