Ауруларды басқару бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінде 2019 жыл мен 2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы шығарылды


Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Басқарма төрайымы Роза Куанышбекованың төрағалығымен селекторлық режимде Денсаулық сақтау министрлігі, денсаулық сақтау басқармалары, медициналық ұйымдар, аймақтардың АББ үйлестірушілерінің қатысуымен мәжіліс өткізілді.



Институттың Аймақтармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Раушан Кабыкенова 2019 жыл мен 2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы туралы ақпарат берді. Ол кісінің айтуынша, 2020 жылдың басында Бағдарламаға қатысушы артериялық гипертензия, созылмалы жүрек әлсіздігі және қант диабетімен ауыратын пациенттердің қамтылуы 30%-дан артықты құрады. АББ тартылғандардың ең көп пайызы БҚО және Нұр-Сұлтан қ. байқалады. Бағдарламаға тартылған пациенттерде оң нәтижелер бар. Артериялық гипертензиямен ауыратын пациенттердің шамамен 79%-да қан қысымы тұрақтанды, сондай-ақ АББ қатысушылардың жалпы санынан инсульт пен миокард инфаргімен ауырғандардың үлес салмағы азайтылды. 2019 жылы қанайналым жүйелері ауруларынан болатын өлім саны 2018 жылмен салыстырғанда 2,02%-ға төмендеді.



Раушан Кабыкенованың айтуынша, 2019 жылы 8 аймақтың мультитәртіптік командасының шамамен 5 мың маманы жұмыс орындарында оқытылды. Әдістемелік көмек көрсету үшін аймақтарға шыға отырып та, сонымен қатар селекторлық режимде де денсаулық сақтау басқармаларының, АББ аймақтық үйлестірушілері, бас дәрігерлер, олардың орынбасарлары, бөлімше меңгерушілері, мед.ұйымдарының учаскелік дәрігерлері/ЖПД қатысуымен бірнеше семинарлар өткізілді.



Раушан Кабыкенова сондай-ақ өткен жылдың желтоқсан айынан бастап пилоттық режимде ең үздік практика орталығы ретінде Алматы қ. №4,5 емханаларында және Нұр-Сұлтан қаласының №9 емханасында Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы бойынша ауруларды басқару бағдарламасы енгізіліп жатқандығы туралы айтып өтті. Осы денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлері үшін көшпелі оқыту семинарлары өткізілді, ұйымдастыру-әдістемелік көмектер көрсетіліп жатыр, Бағдарламаға кіргізу үшін науқастар іріктелді. Медицина ұйымдары спирографтар, пульсоксиметрлер сатып алды.



Мәжіліске қатысушылардың алдына 2020 жылдың соңына дейін үш нозология бойынша «Д» есебінде тұрғандардың санынан АББ тартылған пациенттерді қамту, артериялық гипертензиямен ауыратын пациенттерде – артериялық қан қысымы деңгейінің көрсеткіштерін тұрақтандыру, қант диабетімен ауыратындарда гликолизирленген гемоглобиннің бақылау деңгейін азайта отырып, 2 типті қант диабетімен ауыратын пациенттердің үлес салмағын арттыру; АББ қатысушы тұлғалардың жалпы санынан ауруханаға жатқызудың жаңа жағдайлары және инсульт пен миокард инфаргімен ауырғандардың үлесін азайту міндеттері қойылды.