Зертханалық зерттеулер аурудың алдын алу, диагностикалау, емдеу және басқару тактикасы үшін маңызды. Ең жаңа Cobas pure жүйесі тест нәтижелерін қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимовтың айтуынша, бүгінде зертхана мамандарының алдында адам өміріне әсер ететін зерттеу нәтижелерін тез, дәл және тиімді ұсыну міндеті тұр. Бұл жүйе медициналық талдаулардың кең спектрін ұсынады, операцияларды жеңілдетеді және зертханашылардың жұмыс уақытын қысқартады. Жаңа жүйенің арқасында шығын материалдары да үнемді пайдаланылады.
Жаңа технологиялар қолмен жұмыс жасауды автоматтандыруға бағытталған, техникалық қызмет көрсету уақытын күніне 5 мин. дейін қысқартады. Анализатор жылына қол еңбегін 56% - ға және 105 сағатқа дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін cobas ® АutoСal автоматты калибрлеумен жабдықталған. Осылайша, пациенттерге қызмет көрсету жақсарады, зертхананың өнімділігі артады, клиникалық шешімдер тез қабылданады.
Бірыңғай платформада 3 технология шоғырландырылған: клиникалық химия, иммунологиялық талдау және ионоселективті электродтармен диагностикалық тестілеу (ISE). Cobas pure жүйесі тек 2 шаршы метр аумақта биохимиялық, иммунохимиялық және ISE тестін жасауға мүмкіндік береді, бұл 230-дан астам тест, соның ішінде бірегей клиникалық маңызды талдауларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ол сағатына 870-ке дейін тест орындай алады. Жаңа жүйе жұқпалы аурулар, онкология және кардиологияны қоса алғанда, әртүрлі аурулар бойынша 186-дан астам тестіге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Cobas® pure жүйесінде дайындықты, араластыруды, алдын ала ашуды қажет етпейтін соңғы буын реагенттері пайдаланылады. Оператор оларды тоңазытқыштан шығарып, анализаторға жүктеуі керек.