Бүгін біз Cіздерді оңалту бөлімшесінің мейіргері Шара Карагушиновамен таныстырамыз


Бүгін біз Cіздерді оңалту бөлімшесінің мейіргері Шара Карагушиновамен таныстырамыз.



Шара Даутпаевна жоғары біліктілік санаты бар маман. 33 жыл бойы мейіргер қызметін атқарады. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істегеніне 14 жыл болды. Ол белсенді, позитивті және жауапты қызметкер. Жас мамандарды оқытуда көмегін аямайды. Физиотерапиялық емшаралар мен емдік дене шынықтыруды жүргізудің және массаждың әртүрлі әдістерін меңгерген.