Ол Алматы қалалық медициналық училищесін бітірген күннен бастап, 40 жылдан аса уақыт бойы мейірбике ісінің маманы болып жұмыс істеп келеді. Операциялық мейіргер, эндоскопия бөлімшесінің аға мейіргері ретінде мол тәжірибесі бар маман.
2011 жылдан бастап Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да инфекциялық бақылау мейіргері болып жұмыс істейді, мейіргер ісі жөніндегі директордың міндетін атқарушы лауазымын атқарған.
Лариса Валерьевна коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрді, қызметкерлерді, пациенттерді санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау, эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау мәселелері бойынша оқытып, вирустың таралуын болдырмауға ықпал етті. Пандемия кезіндегі ерен еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Өте сауатты, өз ісіне жауапты қызметкер. Ол жоғары тиімділік және ұқыптылық сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді.
Жақын және алыс шет елдерде өз біліктілігін үнемі арттырып отырады: Ресей (Қазан қ.), Израиль («Шиба» медициналық орталығы, Тель А-Шомер).
Лариса Валерьевна медицина қызметкері күні қарсаңында клиниканың үздік маманы деп танылып, ҒЗИ басшылығы Түркияға туристік сапарға жолдама тарту етті.