Алмат Оңғарбайұлы 2010 жылы С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітірген, 2011 жылдан бастап 2014 жылдан бері бүгінгі күні еңбек етіп жүрген бөлімшенің резиденті болды.
Осы жылдар ішінде ол 8000-нан астам стенттеумен коронарография, оның 90%-ы трансрадиальды, 10%-ы трансфеморальды; стенттеумен перифериялық тамырлардың ангиографиясы – 200-ден аса операция, жатыр артериялары мен қуықасты без артерияларының эмболизациясы – 100-ден аса операция, бүйрек артерияларының 30-дан астам транскатетерлік денервациясы, 25-тен астам TAVI және туа біткен жүрек ақауы, жүрекше аралық және қарыншалық ақаулар кезінде 20-дан астам окклюдер имплантациясын жасады.
Дәрігер жоғары жауапкершілік, еңбекқорлық, қарапайымдылық, өз ісіне адалдық сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді.
Медицина қызметкері күні қарсаңында Алмат Қалжанов клиниканың үздік маманы атанды. Институттың басшылығы оған Түркияға туристік сапарға жолдама сыйлады.