Жыл сайын 7 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік денсаулық күні 2025 жылы «Салауатты өмірдің басталуы – болашақтың кепілі» ұранымен өтеді. Биылғы науқанның мақсаттарының бірі: жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезең мәселелері бойынша пайдалы медициналық ақпаратты тарату.
Осы тұрғыда, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ № 2 терапия бөлімшесінің меңгерушісі, ревматолог дәрігер Майса Қалықованың «Жүктілік және ревматологиялық аурулар: пациент нені білуі керек?» тақырыбы бойынша кеңестерін ұсынамыз.
Жүктілік - бұл маңызды гормоналды және иммундық өзгерістермен қатар жүретін физиологиялық жағдай. Жүктілік кезінде ревматологиялық аурулар асқынуы мүмкін және акушер-гинекологтардың да, ревматологтардың да ерекше бақылауын қажет етеді.
Аурудың жүктілікке және керісінше жүктіліктің - аурудың ағымына әсерін ескеру маңызды. Жүктілік кезінде әйелдің иммундық жүйесі ұрықты қорғау үшін өзгереді. Өзгерістер әртүрлі аутоиммунды аурулардың ағымын жақсартуы да, нашарлатуы да мүмкін.
Ревматологиялық аурулар - бұл иммундық жүйе дененің өз тіндеріне, әсіресе буындарға, теріге, бүйрекке және басқа органдарға «шабуыл жасайтын» аурулар. Оларға жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, анкилозды спондилит, псориазды артрит, антифосфолипидтік синдром, Шегрен синдромы және т. б. жатады.
Ревматологиялық аурумен ауырған кезде жүкті болу мүмкін бе?
Мүмкін, бірақ жүктілікті жоспарлау керек. Ревматологиялық аурулары бар көптеген әйелдер, егер ауру ремиссия сатысында болса, ана бола алады (белгілері айқын емес; қауіпсіз дәрі-дәрмектер таңдалғанда және дәрігер жүктіліктің барысын бақылағанда).
Ревматологиялық ауру жүктілікке қалай әсер етеді?
Бұл белгілі бір ауруға байланысты, мысалы: жүйелі қызыл жегі және антифосфолипидті синдром асқыну қаупін арттыруы мүмкін: қысымның жоғарылауы, мерзімінен бұрын босану, ұрықтың дамуының кешігуі. Ревматоидты артрит жүктілік кезінде симптомдармен жиі төмендейді, бірақ босанғаннан кейін нашарлауы мүмкін. Антифосфолипидтік синдром түсік түсіру және тромбоз қаупімен байланысты. Дұрыс емделгенде қауіп азаяды. Кейбір антиденелер болашақ баланың жүрегіне әсер етуі мүмкін, сондықтан оларды алдын-ала тексеру маңызды.
Жүктілікке дейін емдеуді өзгерту керек пе?
Иә, ревматологиялық ауруларда қолданылатын кейбір препараттар нәресте үшін қауіпті болуы мүмкін. Дәрігермен кеңесусіз дәрі-дәрмектерді қабылдауды тоқтатпау маңызды.
Жүктілікке қалай дайындалу керек?
1. Ревматологпен кеңесу қажет – жүкті болуды қашан жоспарлау керектігін талқылаңыз.
2. Тексеруден өтіп, талдаулар тапсырыңыз.
3. Аурудың ремиссия кезеңінде кем дегенде 6 ай екеніне көз жеткізіңіз.
4. Қауіпсіз емдеуді таңдаңыз.
5. Ықтимал қауіптерді «жоғары қауіпті» жүктілікке маманданған акушер-гинекологпен талқылаңыз.
Ревматологиялық аурулар кезінде жүктілікті бақылау
Гинеколог пен ревматологқа үнемі бару. УДЗ және басқа тексерулерден әдеттегіден жиі өту. Қан қысымын, зәр мен қан талдауын әсіресе бүйректің зақымдануы немесе тромбоз қаупі болған жағдайда бақылауда ұстау. Қажет болған жағдайда асқынулардың алдын алу үшін аспирин немесе гепарин қабылдау.
Ауру кем дегенде 6 ай бойы асқынбаған кезде және анасы тератогенді емес препараттарды қабылдаған кезде жүкті болу маңызды. Кез келген асқынуларды уақытылы анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін ана мен ұрық жүктілік кезінде үнемі бақылауды қажет етеді. Акушерлердің, ревматологтардың, басқа бейінді дәрігерлер мен анестезиологтардың бірлескен жұмысы ана мен бала үшін жақсы нәтижеге ықпал етеді.