Дүние жүзі бойынша жыл сайын 17 мамырда атап өтілетін гипертониямен күрес күні жоғары қан қысымын бақылау мен алдын алудың маңыздылығына назар аударайық. Гипертония - бұл симптомдары байқалмайтын, бірақ инфаркт пен инсульт сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін қауіпті сырқат.
Есіңізде болсын, әрқайсымыз өз денсаулығымызды қорғау қадамдарын жасай аламыз, олар:
- Қан қысымын бақылау;
- Жемістерге, көкөністерге және дәнді дақылдарға бай пайдалы тағамдарды тұтыну;
- Үнемі дене шынықтырумен шұғылдану;
- Тұз бен алкогольді тұтынуды шектеу;
- Темекі шегуден аулақ болу және стрессті басқару.
«Қан қысымын өлшеу - бұл жүрек-қан тамырлары жүйесінің саулығын бақылаудың маңызды процедурасы», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің кардиолог дәрігері Наталия Гордина.
Дәрігердің айтуынша, нақты нәтиже алу үшін келесі ережелерді сақтау керек:
Өлшеуге дайындық:
- Артқы тірегі бар ыңғайлы орындықта отырып, тыныш ортада қан қысымын өлшеңіз.
- Жаттығудан, стресстік жағдайлардан, темекі шегуден, кофеиннен немесе тамақтан кейін бірден қысымды өлшемеңіз. Кем дегенде 30 минут күтіңіз.
- Өлшеу алдында дәретханаға барыңыз, өйткені толық қуық нәтижеге әсер етуі мүмкін.
Дене жағдайы:
- Тік отырыңыз, аяғыңызды айқастырмаңыз немесе көтермеңіз. Аяқтар еденде тұруы керек.
- Қан қысымы өлшенетін қол босаңсып, үстелге жүрек деңгейінде орналасуы керек.
Өлшеу процесі:
- Қолыңыздың өлшеміне сәйкес келетін дұрыс манжетті қолданыңыз. Сәйкес емес манжет қате нәтиже беруі мүмкін.
- Шынтақ бүктемесінен шамамен 2-3 см шегініп, манжетті иыққа сырғытыңыз.
- Манжет қолыңызға тығыз орналасуы керек, бірақ тым тығыз болмауы керек.
- Өлшеу кезінде қозғалмаңыз немесе сөйлемеңіз.
Өлшеу жиілігі:
- Дәлдік үшін қысымды 1-2 минут аралықпен бірнеше рет өлшеп, орташа мәнді есептеңіз.
- Динамиканы бақылау үшін күн сайын бір уақытта өлшеңіз.
Жазбаларды жүргізу:
- Әр өлшемнің нәтижелерін күнді, уақытты және кез-келген ескертулерді жазыңыз (мысалы: өлшеу алдында сіз спортпен шұғылдандыңыз немесе күйзеліске ұшырадыңыз).
Осы ережелерді сақтау қан қысымының нақты нәтижелерін алуға көмектеседі.
Қан қысымын тексеріңіз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз және белсенді болыңыз. Бүгін өзіңізге жасаған қамқорлығыңыз – ертеңгі денсаулығыңыз!