БАҚ қызметкерлері күні аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ журналистерді марапаттады

БАҚ қызметкерлері күні аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ журналистерді марапаттады

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де Басқарма төрағасы Марат Пашимов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистермен кездесті.

Марат Орынбасарұлы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, журналистерге алғысын білдіре отырып, шығармашылық табыс, қызықты оқиғалар, алуан қырлы тақырыптар және дендеріне саулық тіледі.

«Сіздердің еңбектеріңіз арқасында біз елімізде болып жатқан ең маңызды оқиғалар туралы күнделікті, сағат, минут сайын біліп отырамыз. Журналист – іздемпаз, ой-өрісі дамыған, жоғары адамгершілік мұраттары бар адам, бұл – өте қызықты әрі өте жауапты мамандық», - деп атап өтті клиниканың бірінші басшысы.

Кездесуге қатысушылар қатарында: Айман Қаймульдина - ҚР Президенті Телерадиокешенінің «Жібек жолы» телерадиоарнасының меншікті тілшісі; Ұлан Нарынбек – «Хабар24» Алматы филиалының ақпараттық бағдарламалар бөлімінің басшысы; Айгерим Ердаулет – «Қазақстан» телеарнасының Алматы студиясының бас редакторы; Шынар Сатыбалдиева- «Алматы» ТК редактор-үйлестірушісі; Думан Қапасов - Zakon.kz ақпарат агенттігінің продюсері; Олжас Уәлиев пен Назым Бейсенбекова – «Алатау ақпарат» ТК бас редакторы және үйлестірушісі; Алма Мұқанова – «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі; Айнаш Есали мен Арман Октябрь – «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері; Нұржамал Алишева – «Алматы ақшамы» газетінің «Қала тынысы» бөлімінің редакторы; Карлыга Буенбай – «Информбюро» АП тілшісі; Ербол Азанбек- 7kun.kz АА құрылтайшысы; Сергей Сочнев-«Оптимизм» АП бас директоры, Юлия Абрамова, Айтолқын Адырбайқызы және Владимир Третьяков- Nur.kz тілшілері мен фототілшісі және т. б.

Журналистер клиника басшылығына жылы қабылдауы үшін алғыстарын білдірді.

Мереке құтты болсын, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!