Сондықтан кез келген маман өз білімін үнемі жаңартып, жаңа дағдыларды меңгеріп, медицина саласындағы жаңалықтардан қалыс қалмауы керек. Науқастарға сапалы, уақтылы және білікті көмек көрсету үшін мамандарымыз алыс-жақын шетелдерде үнемі біліктіліктерін арттырып, түрлі семинарларға қатысып, әріптестерімен тәжірибе алмасып отырады.
Биылғы жылы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қызметкерлері: кардиохирург, кардиолог, перфузиолог, кардиохирургия бөлімшесінің аға мейіргері, операциялық мейіргер, анестезист мамандар Каунаста оқуда болды. Олар Литва Денсаулық ғылымдары университетінің ауруханасында тағылымдамадан өтті.
Сонымен қатар, институттың кардиохирург, анестезиолог, кардиолог және функционалдық диагностика дәрігерінен құралған мамандары Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтті. Олар Пусан ұлттық университетінің Янсан ауруханасында оқыды.
Кардиология, кардиология және оңалту бөлімшелерінің меңгерушілері, кардиолог-дәрігер осы жылдың наурыз айында Астана қаласында тағылымдамадан өтті. Олар Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында оқыды.
Кардиология және оңалту бөлімшесінің кардиолог-дәрігері Минск қаласында Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Кардиология» республикалық ғылыми-практикалық орталығында біліктілігін арттырды, ал Республикалық аллергология орталығының басшысы Мәскеу қалалық Аллергология және иммунология ғылыми-практикалық орталығында тағылымдамадан өтті.