Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да институт пен Алматы қ. медициналық ұйымдардың эндокринолог, кардиолог, терапевт, ангиохирург дәрігерлеріне, резиденттеріне арналған конференция өтті.
Қатысушылар алдында ҒЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Джамила Кайбуллаева сөз сөйледі: «Халықаралық диабет федерациясының мәліметтері бойынша, әлемде қант диабеті диагнозы қойылған шамамен 537 млн.адам бар. 2045 жылға қарай олардың саны 783 млн-ға дейін артады деген болжам бар. Қазақстанда қант диабетіне 439 мыңнан астам ересек адам шалдыққан.
Джамиля Ахтановнаның айтуынша, мемлекет қант диабетімен ауыратын адамдарға қолдау көрсетеді, пациенттерге тегін негізде барлық препараттар қол жетімді.
«Біздің клиника эндокринологиялық профильдегі науқастарды диагностикалауға және емдеуге маманданған. Бізде қант диабетінің созылмалы асқынуларының диагностикасы, соның ішінде кардиолог, офтальмолог, нефролог, гастроэнтеролог, невропатолог мамандардың консультациялары, гликемиялық статус мониторингі, аяқ- қол тамырларының, брахиоцефалдық тамырлардың патологиясының ультрадыбыстық диагностикасы және қантты төмендететін ультразаманауи препараттарды қолдану арқылы терапияны модификациялау жүргізіледі», - деп атап өтті Жамиля Қайбуллаева.
КІА ҒЗИ эндокринология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Лаура Даньярова «Бастапқы профилактика: предиабет!» және «Диабет және жүрек-қан тамырлары аурулары: жаһандық ұғыну» тақырыптарында баяндама жасады.
«2 типті қант диабеті бүкіл әлемде өршу үстінде екенін және Қазақстандағы пациенттердің 95%-да 2 типті ҚД, яғни өмір салтымен және басқа да қауіп факторларымен байланысты екенін ескере отырып, ауруды ерте кезеңде анықтау өте маңызды», - деп атап өтті спикер.
Қант диабеті - соқырлықтың, бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің, миокард инфаркті мен инсульттің, ампутацияның негізгі себептерінің бірі. Қант диабетінің алдын алу ұсыныс емес, қатаң қажеттілік екені анық.
Қант диабетімен ауыратын науқастардың шамамен 40% кардиологиялық асқынулар бар: артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және созылмалы бүйрек ауруы. Кейде бұл керісінше болады, бастапқыда жүрек-қан тамырлары ауруы дамиды, содан кейін предиабет немесе 2 типті қант диабеті диагнозы қойылады.
Лаура Бақытжанқызы сондай-ақ 2 типті ҚД диагнозы қойылғанға дейін жүрек-қан тамырлары ауруының қаупі туралы айтты. Сондықтан предиабет және 2 типті ҚД даму қаупі бар пациенттерді МСАК деңгейінде анықтау өте маңызды. Ол үшін созылмалы инфекциялық емес аурулардың қауіп факторлары (STEP) және 2 типті ДМ (FINDRISK) бойынша арнайы сауалнамаларды қолдануға болады. Сауалнамалар бойынша ақпарат институттың сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Онлайн сауалнамадан QR кодын сканерлеу арқылы өтуге болады. Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттерге аурудың даму қаупі есептеледі және көрсетілген электрондық поштаға немесе смартфондағы ватсапқа жіберіледі.
Клиника кеңесшісі, подолог дәрігер Рүстем Нуралин диабеттік аяқ синдромы: ампутацияның алдын алу туралы айтты. Кардиология ҒЗИ-да жақын арада «диабеттік аяқ» кабинетін ашу жоспарланып отыр, онда осы күрделі асқынудың скринингі мен аурыдың профилактикасы жүргізілетін болады.
Спикерлер қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Пациенттерді емдеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекеттің, медициналық қоғамдастықтың және пациенттердің күшін біріктіру маңызды екенін атап өткен жөн.