Бүгін, 12 қазанда аталып өтетін Дүниежүзілік артритпен күрес күні аясында жетекші консультант - ревматолог, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ профессоры Ольга Машкунованың басшылығымен 1 және 2 жыл оқып жатқан резиденттер мен клиникалық тәлімгерлер: №2 терапия бөлімшесінің меңгерушісі Майса Қалықова, ревматолог-дәрігерлер Маржан Абдуллаева мен Әйгерім Ботабекова клиниканың ревматологиялық бейініндегі науқастарға үшін «Буын аурулары» тақырыбында Артрит мектебін өткізді.
Резиденттердің өздері пациенттерге презентациялар дайындады. Олар артрит туралы жалпы түсініктерді, аурудың пайда болу себептері мен бейімділік факторлары, пациенттер назар аударуы керек аурулардың алғашқы белгілері және ревматологиялық аурулардың кеш диагностикасы неге әкелетіні туралы мағлұмат берді.
Сондай-ақ, олар артриттің алдын алу туралы егжей-тегжейлі айтып, буындардың күйін қалай дұрыс тексеруге болатындығын көрсетті. Әр түрлі аурулары бар және барлық жастағы науқастарға арналған профилактикалық және емдік жаттығулардың шеберлік сабағы өткізілді.
Іс-шара соңында профессор Машкунова қорытынды сөз сөйлеп, пациенттердің ревматологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу, буындарда ауырсыну пайда болған жағдайда ревматологқа ерте жүгіну қажеттілігі тақырыбындағы барлық сұрақтарына жауап берді. Пациенттер өткізілген мектеп үшін және оларды көптен бері қызықтырған сұрақтарға жауап алғаны үшін алғыстарын білдірді.
12 қазанда жыл сайын Дүниежүзілік артритпен күрес күні атап өтіледі. Бұл күн халықтың хабардар болу деңгейін арттыруға және ревматологиялық ауруларға жұртшылықтың назарын аударуға, алдын алу мен ерте диагностиканың пайдасы туралы ақпарат беруге бағытталған.
ДДҰ мәліметі бойынша, бүгінде планетаның әрбір оныншы тұрғыны артритпен ауырады. Соңғы онжылдықта тірек-қимыл жүйесі мен дәнекер тін ауруларының, соның ішінде артриттің өсу тенденциясы төмендемей отыр және ревматологиялық аурулар аурушаңдық пен мүгедектік себептері рейтингінде жоғары орын алады. Сондықтан ерте диагноз қою және уақтылы емдеу ғана артритпен ауыратын науқас үшін ауыр зардаптардың алдын алатынын есте ұстаған жөн.
Қызықты фактілер:
Артритпен ауыратын науқастардың жалпы санының 70% - ы 15 жылдан кейін жұмыс істеу қабілетін жоғалтады, ал олардың 1/3 бөлігі мүгедек болады.
Кене шағуы Лайма ауруының дамуына, ал бұл өз кезегінде артритке әкеледі.
АҚШ-та артрит еңбекке жарамсыздық парағын беру жөнінде кеңінен таралуы бойынша екінші орында тұр.