Дүниежүзілік ішектің қабыну аурулары күні аясында (19 мамыр) Алматыда халықаралық деңгейдегі мамандардың, өңірлік клиникалардың жетекші дәрігерлерінің, диагностика, емдеу және басқа да аралас мамандықтар саласындағы сарапшылардың қатысуымен IҚА VII Ұлттық форумы өтті.
Қатысушылардың назарында ішектің қабыну ауруларына қарсы тұру, алдын алу, ерте анықтау, басқару және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту.
Қазақстанда жыл сайын IҚА ауруының тіркелуі артуда. Егер 2018 жылы елде Крон ауруы бар 555 адам және ойық жаралы колитпен 2218 адам тіркелген болса, бүгінде Крон ауруы бар 1631 және ойық жаралы колитпен 7305 науқас тіркелген. Ішектің созылмалы патологиялары жасару үстінде – онымен балалар мен жасөспірімдер де жиі ауыруда.
ІҚА тіркелген науқастар санының өсуі сырқаттанушылықты анықтаудың жақсаруымен байланысты екенін атап өту керек. Бұл диагностика арсеналының кеңеюі және тұрғындардың қазіргі заманауи диагностикалық технологияларға қолжетімділігі, мамандардың хабардарлығы мен дайындығын арттыру болып табылады. Сондай-ақ, COVID-19 пандемиясының салдары, соның ішінде антибиотиктерді бақылаусыз тағайындау аурудың өсуіне ықпал етті.
Соңғы жылдары Қазақстанда ішектің қабыну ауруларын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық процедуралар кеңінен енгізілді. ІАЗҚҒҚ мен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бірлесе отырып, ересектер мен балалардағы ішек ауруларына кез келген күдік туындаған кезде үлкен диагностикалық маңызы бар ішектің трансабдоминальды ультрадыбыстық зерттеуін (ТУДЗ) енгізді. Инвазивті емес, арнайы дайындықтың қажеті жоқ, қол жетімділік және жоғары ақпараттылық – бұл әдістің айқын артықшылықтары. КжІАҒЗИ-да видеокапсулалық эндоскопиямен қатар интестиноскопия – аш ішек патологиясын диагностикалаудың жоғары технологиялық әдістері де енгізілуде. Сондай-ақ, диагностиканың өте тиімді әдісі – магниттік-резонанстық энтерография КжІАҒЗИ-да қол жетімді.
«Біздің институт базасында стационарлық және амбулаториялық пациенттер үшін IҚА мамандандырылған орталығының жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Біз диагностиканың заманауи әдістерін – ішектің ультрадыбыстық және МР энтерографиясын енгізіп жатырмыз. Биологиялық терапияға қол жетімділікті барынша арттырудамыз - бұл препараттардың арсеналы пациенттерге тәулік бойғы стационар шеңберінде де, стационарды алмастыратын көмек шеңберінде де қол жетімді. Сондай-ақ, біздің гастроэнтерологтар, эндоскопистер диагностикалық және емдеу процедураларының жаңа әдістерін енгізуде, бұл 20 мамырда мастер-класта көрсетіледі», - деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
IҚА бойынша жетекші маман, м.ғ.к. Джамиля Кайбуллаева атап өткендей, Қазақстанда диагностиканы кеңейтумен қатар денсаулық сақтау мамандарының білім алуы дұрыс жолға қойылды және бұл жергілікті жерлерде клиникалық буынның нәтижелі жұмысы үшін өте маңызды.
Елімізде ІҚА үйлестіру орталығы жұмыс істейді, ол КжІАҒЗИ базасында дәрігерлерге 3 және 4 деңгейдегі мамандандырылған көмек көрсетеді: бұл білім беру орталығы, өңірлердегі дәрігерлерге консультациялық-әдістемелік көмек (телемедициналық консультациялар) және пациенттерді амбулаториялық емдеуде консалтинг.
Әрине, диагностиканың инновациялық әдістерін кеңінен енгізу - үлкен жетістік, бұл ерте кезеңдерде IҚА анықтауды арттыруға мүмкіндік берді. Дегенмен, сырқаттанушылықтың өсуі жинақталған мәселелерді шешуді, емдеу хаттамаларын жаңартуды, дәрігерлерді сапалы даярлауды және біліктілігін арттыруды талап етеді. Осы мәселелердің барлығы IҚА VII Ұлттық форумына қатысушылардың назарына ұсынылады.
Елімізде IҚА бар пациенттердің бірыңғай дерекқоры (тіркелімі) қалыптасуда. Бұл жұмыс жергілікті жерлерде, аймақтарда ішек қабыну ауруларын анықтауды жақсартады, сонымен қатар клиникалық нәтижелерді болжайды. Тіркелген пациенттер санының өсуі еліміздің бүкіл медициналық жүйесінен жаңа тәсілдер мен гастроэнтерологиялық қызметтің ресурстарын арттыруды талап етеді.
Жамиля Ахтанқызының айтуынша, бұл жұмыстың барлығы басты нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік береді: IҚА ауыр ауру ретінде санауды тоқтату. Крон ауруы мен ойық жаралы колит өмір бойғы ауруларға жататынына қарамастан, оларды уақтылы дұрыс диагностикалау және сауатты емдеу арқылы аурудың ауыр түрге өтуіне жол бермей, тұрақты ремиссияға қол жеткізуге болады. Осының арқасында IҚА бар адамдар толыққанды өмір сүре алады, еңбекке қабілеттілігін сақтай алады. Қазақстандықтарға қолжетімді диагностикалық процедуралардың кең ауқымынан басқа, әлемдік фарминдустрия ІҚА емдеу үшін үнемі жаңа, тиімді препараттар шығаруда. Қазақстанда жыл сайын осы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жақсарып келеді. 2013 жылдан бастап қазіргі заманғы қымбат биологиялық терапияны қоса алғанда, IҚА пациенттерін емдеуді мемлекет өтейді. Дегенмен, бүгінде IҚА-мен ауыратын науқастардың тек 2%-ы биологиялық терапияны алады, ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 15-30% аралығында.
Форум барысында «IҚА диагностикасы және емдеу саласындағы үздік маман» және «IҚА диагностикасы мен емдеу саласындағы үздік тәлімгер» байқауларының нәтижелері жарияланды. Павлодарлық гастроэнтеролог Елена Гладышева үздік маман атанса, Астана қаласының №1 көпсалалы қалалық ауруханасының Колопроктология орталығының меңгерушісі Қазыбек Ағыбаев үздік тәлімгер атанды.